$ 530.07  615.2  6.58

«Жұлдыздың қызына неге бармайсыз»: Қайрат Нұртастың әкесі кіші немересіне ән арнады (ВИДЕО)

Келінінің бөлмесіне кіріп, Заңғардың ұлына термесін шырқап берді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков жақында ғана туылған немересіне домбырамен ән арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Домбырасын арқалап, келінінің бөлмесіне кіріп, Заңғардың ұлына термесін шырқап берді. Сәби әлі қырқынан шықпаған. 

"Аллаға шүкір, биыл урожайный год болды! Алла өмір берсін бәріне!", - деп жазды ол. 

Әкесінің бұл әрекетін оқырмандары жақсы бағаласа, енді бірі сынап тастады. 

"Қайраттың баласына да барып қайтыңыз", "Қолдағы немере мен сырттағы немере бөлек болады", "Баяғыда қайын атасы келіннің бөлмесіне кірмейтін болған", "Домбыраңызды алып Қайраттың рабиясына барыңыз енді", "Атасының көзінше келіні жалаңбас жүре бере ме екен", "Рабия-Сұлтанға да барып ән арнаңыз", "Келініңіз орамалсыз жүреді, баланың аузына шаша түседі", "Жұлдызға да барып әу деп қайтыңыз", "Жұлдыздың қызына неге бармайсыз", - деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары