$ 528.31  608.35  6.55

«Уәде бердім, орындадым»: Әнші Заттыбек әйелінің туған күнін Париж төрінде атап өтті (ВИДЕО)

Менің өмірімде бар болғаныңа рахмет!

Фото: instagram.com/zattybek
Фото: instagram.com/zattybek

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әйелінің туған күнін Еуропа төрінде атап өтіп, жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Туған күніңмен балапандарымның анасы, асыл адамым.

Сенің биылғы 21- жасыңды ( сені маған Алла 21-жасыңда берген. Мен үшін сенің жасың әрдайым 21. Европада қарсы алуды нәсіп еткен екен.

Барыңа шүкір!

Бәріне шүкір!

Өмір жолымыз ұзақ болсын!

Сен менің өмірімде, мен сенің өміріңде бар болып, Алланың бізге көрсеткен керемет нығметі таусылмасын», деп жазды өнер иесі.

Әншінің жүрекжарды тілегі көпшіліктің жүрегін елжіретіп, тілектерін арнады.

«Қандай жылы сөздер», «Заттыбек ағам Романтик», «Жан-жарыңызбен бір бағытта қолұстасып бақытты, бақдаулетті ғұмыр кешуді нәсіп етсін Алла тағалам», «Не деген керемет тілек Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Аға сізге ризамын қанша жыл бала күтіп шыдап ,ақшам бар атақ бар деп кеудесіңізді кермей нағыз азамат қалпында қалдыңыз.Ешқашандай жаман сөз ертеден үлгілі отбасы», деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары