Өнерге келуіме себеп болған ол — Тұрсынбек ағам.
Актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев ел арасында үлкен талқылауға себеп болған продюсер Мөлдір Мұқанға қолдау білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында ұстазы мен жеңгесіне деген ризашылығын білдіріп, олардың өмірінде алатын орнын ерекше атап өтті.
“Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнерге келуіме себеп болған ол — Тұрсынбек ағам. Үйінде тұрып, жеңгемнің шайын ішіп, екеуімен де жақсы араласқанмын. Екеуін де сыйлаймын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын”, — деп жазды ол.
Жахан сонымен қатар Мөлдір Мұқанның өзіне көрсеткен қолдауын да жылы еске алды.
“Былтыр әлеуметтік желідегі парақшам жабылып қалған кезде, ең бірінші болып Мөлдір жеңгем хабарласып, айтқызбай-ақ көмектесті. Біз 2008 жылдан бері араласамыз. Қай уақытта барсам да, күн-түн демей, бір шәйнек шайымен қарсы алатын. Қазір жеңгемнің алғашқы фильмі шығып жатыр, соны тамашалауға шақырамын”, — деді актер.