$ 524.94  602.79  6.45

«Алған соң кукладай қыз алмай ма»: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Көпшіліктің назарын шоуменнің жанында тұрған жас келіншек аударды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына барған белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа аудан әкімі арнайы құрмет көрсетіп, шапан жауып, жылқы мінгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шара барысында түсірілген бейнежазба мен фотосуреттер әлеуметтік желіде тез тарап, ел арасында қызу талқы туғызды. Көпшіліктің назарын шоуменнің жанында тұрған жас келіншек аударды.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның Тұрсынбектің екінші әйелі болуы мүмкін екенін болжап, түрлі пікір қалдырды. «Тоқал алған соң, кукладай бір сұлуды алу керек еді», «Бұл әйел емес, үнемі жанынан қалмайтын көмекшісі ғой» деген секілді пікірлер де көп жазылды. Бірі әзілмен қабылдаса, енді бірі қоғам алдындағы тұлғаның жеке өмірін талқылауды орынсыз деп санаған. Дегенмен, бейнероликтің астындағы пікірлер санынан-ақ халықтың қызығушылығы жоғары екені байқалды.

Қабатовтың өзі әзірге бұл ақпаратқа қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары