$ 524.94  602.79  6.45

«Күйеуіңді пышақтап кетті деді»: Гүлзира Айдарбекова жантүршігерлік оқиғаны баяндады (ВИДЕО)

Содан кішкентай Қайратты қайнысымен бірге Шымкентке жіберіп, өзі Павлодарға жолға шыққан.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова «Хабар» арнасындағы «КешREC» бағдарламасында жас күнінде көрген қиындығын еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша Нұртас Айдарбековты Павлодардағы трактор зауытында практикада жүрген кезде біреулер пышақтап кеткен.

«Күйеуіңізді пықшақтап кетті деп хабарлады. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Тірі ме деп сұрасам, ешкім ештеңе айтпады. Өліп қалды деп ойладым. Жатақхананың дәлізінен баспалдаққа дейін әрең жеттім. Сол жерде құладым. Ақша керек болды, анам артымнан алып келген бренд киімдерді базарға апарып саттым. Киімдерім тез өтіп кетті. Біраз ақша жинап алдым», - деп атап өтті Гүлзира Айдарбекова.

Содан кішкентай Қайратты қайнысымен бірге Шымкентке жіберіп, өзі Павлодарға жолға шыққан.

«Барсам, жансақтау бөлімінде жатыр екен. Ондайда бірден арам ойға кетесің ғой. Қолын ұстасам, қолында неке жүзігі жоқ екен. Қолын лақтырып жіберіп, шығып бара жатыр едім, жібермей ұстап қалды. Кейін білдім, қансырап жатқан кезде сағаты мен неке жүзігін шешіп алған екен. Ал мен дискотекаға барған деп ойладым», - деп күлді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары