Мынаған не дейсіздер?
Қыдырәлі Болмановтың жас қызбен сүйісіп тұрған видеосы Қарақат Әбілдинаны қатты ашуландырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әбілдинаның айтуынша, жасанды интеллект арқылы жасалған видеоны желіде біреулер таратқан. Қыдырәлі мен Қарақат оларды жазаға тарту керегін айтты.
«Мынаны қараңыздар! Мынаған не дейсіздер? Мынадай сұмдықты көрдіңіздер ме? Мынау не масқара! YouTube-тен “Қыдырәлі Қарақат” деп тергенде “жасанды интеллект” дей ме, осылай жариялап, салып жатыр екен. Ойларына келгенді айтып, не болса соны сала беретіндерді тексеретін заң жоқ па елімізде?» – деді Қарақат Әбілдина.
Әншінің айтуынша, видео күні кеше ғана салынған.
Желіде тараған бұл жалған бейнежазбада продюсердің жас қызбен құшақтасып, кейін сүйісіп тұрғаны көрсетілген. Продюсер бұл жағдайға қатты ашуланып, мұның бәрі өзіне жағылған күйе екенін айтты.
«Ассалаумағалейкум, қазақ елі!
Тағы не жасайды екен мына “белгісіздер”...Асыл әжем мынаны көрсе, ойлaнбастан ақ таяғын алып:
“Әй, Қарақатың қайда?” – деп,
мені тура қуушы ма еді?Бұл шығарманың “жасанды интеллект”,
мына видеоныӊ өтірік екенін ол кісіге
еш түсіндіре алмас едім...Сол сияқты, айналайын апа-әжелерім,
“Мынау не масқара?” – деп қалмаңыздар...
Бұл мен емеспін! Құдай сақтасын.Жасымыз мыңға келгенде өте ыңғайсыздау екен...
Әсіресе Алла бере салғандарым көріп қойса?
Үлкендері түсінер, осы заманның балалары.
Ал кішкентайларыма ше?Қорқыныштысы – “ИИ” барған сайын дами бермек.
Мына видеода мен емес екенім көрініп тұр. Құдайға шүкір!Бара-бара айнытпай жасайтын кез келгенде,
күніміз не болар екен...
Бұл әлі бәйшешегі ме деп сескенемін.Инста пайда болғалы парақшасына “подписчик” жинап,
қаралымын көбейту үшін ештеңеден тайынбайтын тобыр көбейіп,
әркімге жала жауып, өздеріне бәле тілеп,
өз қазағын өзі жұлып жеп,
қараптан-қарап қаралап, күйе жағып жүретін,
ар-намыстан жұрдай,
Алладан қорықпайтын,
жала-жапқыш, пікір-айтқыш, мін-таққыш,
баратын жері белгісіз...Бір көш келе жатыр-ау, көсемі көп.
Тұлпары жоқ бұл көштің есегі көп.
Қанағатсыз, тойымсыз пәс пенделер,
аларың көп, қайтейін, есебі жоқ.Бір көш кетіп барады, батыры көп.
Балтасы бар қолында, ақылы жоқ.
Қайда кетіп барады-ау, қайран заман,
мадақ айтқан қасында ақыны көп...Бір көш келе жатыр-ау, түйесі көп,
белгісіз мына көштің иесі жоқ.
Бір сөз кетіп барады желмен ұшып,
киесі жоқ, тыңдайтын жүйесі жоқ...»
– деп жазды Қыдырәлі Болманов.