$ 526.02  607.55  6.5

«Баламды реанимацияға алып кетті»: Дана Нұржігіт жалғыз ұлы туралы жазба жариялады

Сондай-ақ тележурналист баласының өмірін аман алып қалған дәрігерлерге алғысын жаудырды. 

Фото: dana_nurzhigit парақшасынан
Фото: dana_nurzhigit парақшасынан

Танымал тележурналист Дана Нұржігіт желідегі парақшасында ұлына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Нұржігіттің айтуынша, ұлы 8 айлық болып дүниеге келген. 

"Ұлымның аты неге Әлім? Баламның бүгінгі туған күні осыдан 15 жыл бұрын болған күндерді еске салды. Мен оны 10 жыл күттім. Дәрігер, балшы-балгерлер… бәрінен өттім. 
Енді көтергенімде іштегі 5 айлық баланың бір өкпесі суға толған, аман қалуы екіталай деді. 8 айлығында дәрігерге барсам, сәл күтейік өкпесі даму керек әлде де деді. Бірақ, баланың есімін таңдадыңыз ба деп сұрады. Жоқ деп едім, таңдағаныңыз дұрыс, бала жерге өз есімімен түскені жақсы ғой деді дәрігерім. Үйге келіп, жолдасыма айттым. Содан есім таңдай бастадық. Ұлтаралық некеден туатын бала болған соң Алан, Тайыр, Мансұр, Тимур деп келе жатып, мен Әлім қойсақ қайтеді дедім. Володя естіді де бірден, ”біздің қарашайларда екінің бірінің есімі Әлім, одан қала берді сенің руың Әлім, оған қоса баламыз дәрігерлердің ғылым-ілімнің арқасында дүние келеді. Ал арабта ғылым деген әлім, ілім емес пе?! Бітті! Әлім болсын!” деді". 

Сондай-ақ тележурналист баласының өмірін аман алып қалған дәрігерлерге алғысын жаудырды. 

"Дәрігерімнің баланың есімін қойдың ба дегені, кейін ойласам, көрер жарығы болмаса, періште есімімен түссін дегені екен ғой!
Босанғанда баласын бірден видеоға түсіріп аламын деп мойынына видеокамера асынып алған Володя оны қосуға да, қолына ұстауға да шамасы келмей қалды. Баланы бірден реанимацияға көтеріп әкетті. Мені наркоз беріп басқа блокқа апарып тастады. 8 айлық нәрестемді бір ай әлпештеп, 9 айға толтырып, шекесін торсықтай етіп қолыма берген дәрігерлерге өмір бақи ризамын! Бас иемін! 
Әкеңнің әруағы қолдасын балам! Ғұмырың ұзақ болсын! Әлім, қуатым менің!", деп түйіндеді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары