Оның сөзінше, келіндер келе сала көп қате жібереді.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова Мөлдір Мұқановаға берген сұхбатында тағы да келіндер тақырыбын қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, келіндер келе сала көп қате жібереді.
"Әр баланың артында анасы тұрады, әйелінен бұрын анасы тұрады. Ана деген анасына жол көрсетіп, қайтсем жақсы қыламын деп жүреді. Ал соны қызғанатындар бар. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды деген. Соған сәл төзсе өзінің ақылдылығымен енесін де орнына қоя алады, күйеуін де орнына қоя алады. Ақылды әйелге ол түк емес. Бірақ енесіне қарсы келіп, күйеуіне ренжіп ақымақтық жасайды. Басынан бастап енеге, ағайындарға сыйлы болса, өмірбақи ол келін жақсы болып өтеді. Ал келген бойдан өз үйінің тәртібін жүргізіп, есіктен кіріп төр менікі дейтіндер көп қазір", - деді Гүлзира Айдарбекова.