Ол сахнадағы техникалық ақауға байланысты қиын жағдай болғанын, бірақ көрерменнің қолдауы бәрін ақтағанын айтты.
Әнші Назым Әбілдина музыкалық продюсер Бағым Мұхитденқызының "Ғашық жүрек" концертінен кейін кейін әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол сахнадағы техникалық ақауға байланысты қиын жағдай болғанын, бірақ көрерменнің қолдауы бәрін ақтағанын айтты.
«Әрбір өнер көрсету бір деммен өтеді. Бірақ сахна сыртында эмоциялар билеп кетеді. Бұл жолы қатты уайымдап, тіпті көзіме жас келді», — деп жазды әнші.
Назымның айтуынша, ол концерт алдында микрофонды үш рет тексерген, алайда ән басталған сәтте техникалық ақау орын алып, дыбыс өшіп қалған.
«Не де болса, тірі орындау – тірі энергия. Мұндай сәттер де өмірдің бір бөлігі», — дейді ол.
Соған қарамастан, залдағы көрермендер әншіні жылы қабылдап, ұзақ қол шапалақтаған.
«Мен үшін ең бастысы – көрерменнің шынайы қолдауы. Барлығыңызға рақмет!» — деп жазбасын қорытындылады әнші.
Жазбаның соңында ол #keshyou хэштегін қосып, топтың атынан ризашылығын білдірді.