$ 526.02  607.55  6.5

«Абыройдан жұрдай болды-ау»: Танымал актер Қуандық Шәкіржановтың жас жігітті ұрған видеосы тарады (ВИДЕО)

Оқиғаның шын мәнінде болғаны немесе түсірілімдердің біріндегі эпизод болғаны әзірге белгісіз.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал актер Қуандық Шәкіржановтың жас жігітпен төбелесіп қалған сәті әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиғаның шын мәнінде болғаны немесе түсірілімдердің біріндегі эпизод болғаны әзірге белгісіз. Видеоға қатысты желі қолданушыларының ойы екіге жарылды. Бірі актердің әдепсіздігі туралы жазса, енді бірі кинотүсірілімдердің бірі болғаны туралы айтты.

«Ағамыз неге сонша ашуланды екен», «Өте тамаша актер. Өмірде әртүрлі келеңсіз жағдай болады, сондықтан сын айтуға асықпаңыздар», «Жұлдыз ауруына душар болған шығар», «Қуандық мырза ұят болды ғой», «Адамша мейірім төккен жануарды да көрдік, хайуан болған адамның баласын да көрдік», «Мына кісі жынды ма? Қол жұмсағаны несі, анау жігіт үлкен деп аяп тұр ғой, жас жігіттің бір жұдырығынан қалмайды ғой, адам сыйлағанды білмейді деген осы-ау. Аузы лас екен», «Абыройдан жұрдай болды-ау», - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары