09.11.2025, 16:30

«Енді қалай емдеймін?» Әсел Асқардың жарнамасына сенген қыздың беті бөртіп кеткен (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Енді мұны қалай емдетемін, кімге барамын?!

TikTok желісінде блогер Әсел Асқардың жарнамасына еліктеп, соңында бармағын тістеп қалған бойжеткеннің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бет-аузы бөртіп кеткен бейтаныс қыз:

«Әсел Асқардың рекламасы қатты жүрді. Соны алып жаға бастадым. Жағуды қойғаным сол еді, бетім осылай болып кетті. Блогерлерге сеніп, бізге қанша адам іздеп келді осыны, санын айта алмаймын. Енді мұны қалай емдетемін, кімге барамын?!»,– дейді әртіс, блогер Әселдің сөзіне сеніп, косметикалық өнім тұтынған адам.