10.11.2025, 18:40

«Ұяттан жұрдай»: Әйелін мойнына отырғызып алған Қайрат Әділгерей көпшіліктен оңбай сөз естіді (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Біртүрлі көрінеді екен.

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей мен әйелі Бақыт Тұрманның желідегі бейнежазбасы жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзілге толы видео ұсынып, көпшіліктің көңілін көтеруге тырысқан өнерлі жұптың бұл жолғы шығарылымы ерсі көрінген. 

Бейнежазбадан Бақыттың күйеуінің мойынына отырып алғанын көруге болады. Бұған куә болған желідегі оқырман "Тұрсынбекке осылай әйелімен ойнап-күліп жүруге не жетпейді осы?!", "Жындылар", "Қартайғанда қылық шығардыңыз ғой, Қайреке",  "Біртүрлі көрінеді екен", "Ұят емес пе, есалаңдар", деп жазды көпшілік.