$ 523.58  605.36  6.45

«Бір-бірінен аумайды»: Боксшы Дулат Бекбауовтың қалыңдығы кім екендігі белді болды (ФОТО)

Тәтті шай болып, екі жұп бір-бірін ата-аналарымен таныстырған. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал боксшы Дулат Бекбауов өзінің қалыңдығымен көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде "Аяжан Аяшева" есімді блогер бірге түскен фотоларын жүктеген. Тәтті шай болып, екі жұп бір-бірін ата-аналарымен таныстырған. 

Ал осыдан бірер уақыт бұрын боксшы бойжеткенге үйленуге ұсыныс жасаған. Әзірге қалыңдықтың Батыс Қазақстаннан екені ғана белгілі. 

Оқырмандар екі жастың бір-бірінен аумайтындығын айтып, бақыт тіледі. 

"Бақытты болыңдар", "Қандай жарасымды жұп", "Бір-бірінен аумайды", - деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Дулат Бекбауов өзінің сүйгені бар екендігін біраздан бері айтып жүрген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары