Еліміз үшін жағымды жаңалықты жас әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Қазақстандық жас әнші Жасмина Түзелова Ресейдің “Голос. Дети” жобасының финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еліміз үшін жағымды жаңалықты жас әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Мен "Голос. Дети" жобасының финалына өттім!
Бұл кезең – ең толқытқан сәттердің бірі болды. Жекпе-жек кезеңінде тамаша қатысушылармен бірге ән айтып, нағыз музыка мерекесін сезіндім.
Қолдау білдірген баршаңызға көп рақмет - алда финал!” – деп жазды ол.