$ 525.28  607.85  6.47

«Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»: Мөлдір Әуебекованың анасы қызына үшінші рет тұрмысқа шығуға кеңес берді

Қазір екі қанатың – біз бармыз, бірақ біз кеткен соң бәрі өзгереді.

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен бірге Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің анасы әңгіме барысында қызының болашағына алаңдайтынын жасырмады.

"Өзім жолдасымсыз өмірімді елестете алмаймын. Бірге қартайып, бірге жасайық деп тілеймін. Қандай жағдай болмасын жаныңда сая болатын адам керек. Сондай жан кездессе, ойлан деп ақылымызды айтып қоямыз. Бірақ аузы күйген үрлеп ішеді дегендей, ертеңгі күнді болжай алмаймыз. Мен қызыма әрдайым айтамын: жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Қазір екі қанатың – біз бармыз, бірақ біз кеткен соң бәрі өзгереді. Болашақта қызың, ұлың бар деп, соны да ойлау керек", – деді ол.

Мөлдірдің анасы қызына әрдайым отбасының қадірін түсіндіріп, өмірлік серік табуын тілейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары