12.11.2025, 13:40

«Жаңа жылға дейін шығады»: «Келінжан» сериалының продюсері көптен сүйінші сұрады

Коллаж: Sn.kz

"Өмір өте, тұрмыс жұта береді екен".

Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова көппен сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атышулы «Келінжан» телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова елмен сүйінші жаңалығымен бөлісті. 

«Достар, мен кітап жазам дегелі ширек ғасыр… Өмір өте, тұрмыс жұта береді екен. Оның үстіне менің қаламым көркем шығарма емес кино сценарий жазып кетті. Бірақ кітап деген бөлек дүние. Арқам ұстағанда оны айтуға актер емес өзім ғана қауқарлы екенімді білетінмін. Былтыр елуге келгенде “кітап жазамын” деп өзіме сөз бергенмін, сол сөзімде тұрдым. Ең қиыны өзіңе берген уәдеңде тұру! Мен осы қамалды алдым.

Кітап дайын, енді басып шығару ғана қалды, ол да біраз уақыт алады. Жаңа жылға дейін жарыққа шығарамын деп ниеттеніп отырмын.

Бұл кітап бестеллер болсын, оқырманы көп болсын деп тілеймін. Кітап оқисыздар ма? Комментке жазып кетіңіздер. Бұл мен үшін бизнес жоба емес, осыны да біле жүріңіздер. Зумерлердің де талғамын назарда ұстадық», — деп жазды продюсер.