"Тұрсынбек бар жағдайын жасап берді".
Танымал қоғам белсендісі Бекболат Қаржан қазіргі қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды
"Тұрсынбектің қатыны инстада балаларын айналдыра отырғызып, көлкілдетіп жылатқызып жатыр. Өзі де көлкілдеп отыр. Апыр-ай, кәдімгі қара жамылғанда жоқтау айтылады ғой, тура сол сияқты. Тұрсынбек өліп қалған жоқ, тірі жүр.
Дәл мынау әрекеті дұрыс ниетін көрсетіп тұрған жоқ. Әулет қара жамылғанда да біздің апаларымыз бұлай көлкілдемеген. Қайта, көлкілдей беретін көлгірсігендерге айқайлап, сабап, мықты бол деп ұрсып тастағанын талай көргенмін бала шағымнан.
Байын ұстап тұра алмаған қатынның мынау ісі салтта да, дәстүрде де жоқ. Жиіркенішті көрініс. Ұлға да, қызға да опа беретін көрініс емес. Елді мезі қылып бітіргенімен шаруасы жоқ, жұрт мені мүсіркей береді деп жарасын тырнап отыратын бұл да аферист қатын болды.
Өз жараңды өзің жалап жазбасаң, жұрт саған дос деп ойласаң қателесесің мынау заманда. Ел алдына жеке шаңырақтағы барыңды жайып сала берсең, о тоба, сонда кім болғаның...
Тұрсынбектің қатынының мынау қылығы жеке мені алаңдатпайды. Бар жағдайын жасап берді. Далаға қуып жіберген жоқ. Керісінше, мен дәл қазір қазақтың екі қызына көмек беріп жүрмін. Соның бірі Маржан. Өте мықты, өте шынайы қыз. Нағыз күрескер.
Екіншісі қаршадай жас қыз. Бұл қызға жаның ашиды. Осы екі қыз ләм демейді, жыламайды, сықтамайды. Қолдаймын десеңдер, дәл осы қыздарды қолдаңдар.
Міне, осы қыздардың жан дүниесіндегі аласапыран шынайы болып жатқан қиын жағдай. Бұларға мен де қолымнан келгенше көмек беріп отырмын. Ақыр соңына дейін көмек беремін.
Әй, қазағым! Қазір әрбір қазақтың отбасында өзіне жетерлік ауыртпалығы мен қайғы мұңы бар. Ал, Тұрсынбектің қатынының барлық жағдайы жасалған. Сендерден жағдайы жүз есе мықты.
Оны мүсіркемей-ақ қойыңдар. Бұл қатынның істеп отырғаны жоқшылықтан емес, тоқшылықтан. Құдайға шүкір деу керек. Бала шағалары аман, жанында жүр, жағдайы дұрыс. Тұрсынбекке рахмет, осылардың бар жағдайын жасап беріп кеткен.
Мынау әрекеттерге дұрыс баға берер болсаң, Тұрсынбек дұрыс істеген сияқты" деп жазды Бекболат Қаржан.