$ 524.32  609.05  6.52

«Анау-мынау адам қарай алмайды»: Отандық «Ауру» фильміне цензура қойылды (ФОТО)

Фильмнің прокатқа шыққанына бір күн ғана өткеніне қарамастан, туындыды көріп үлгергендер әлеуметтік желіде түрлі пікір қалдырып жатыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

13 қарашадажан бастап еліміздің кинотетарларында “Ауру” фильмі көрсетіле бастады. Алайда фильм авторлары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің цензурасына байланысты сюжет желісіндегі маңызды бірнеше кадрды алып тастауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz мәліметінше, фильмнің режиссері Айтөре Жолдасқали Telegram-арнасында кеше көрерменге жол тартқан фильмнен бірнеше көрініс алынғанын айтқан. 

“Өкінішке қарай, бәрі айтып жүрген “Ауру” фильмінен бірнеше кадр цензураға байланысты алып тасталды. Кеше жарық көрген фильмде бір толық көрініс, кейбір жерлерінен қысқа-қысқа кадрлары алып тасталған”, – деді 

Режиссердің сөзінше, алдағы күндері фильмнің жаңа нұсқасы шығуы да мүмкін.

“Алдағы күндері фильмнің басқа нұсқасы шығуы мүмкін. Біз фильмге 18+ санаты берілуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мүмкін блюрленген, яғни қатты цензураланған нұсқа шығар. Бұл, әрине, өте ауыр тиеді. Шынымды айтсам, не айтарымды да білмеймін… Мен үшін ең көңілге қаяу түсіргені – фильмнің мағыналық тұрғыдан финалды толық өзгертіп жіберетін соңғы көріністі кесіп тастағаны”, – деді режиссер.

Айтөре Жолдасқалидің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің басапқы цензурасы қатігездік көріністеріне ғана емес, фильмге мағыналық тереңдік беретін эпизодтарына да қойылған. Мәселен фильмнің финалын түбегейді өргертетін көрініс толық алынып тасталған. Алайда, бұған қарамастан “Ауру” фильмін прокатқа шығаруға бір күн қалғанда оның санаты “18+”-тен “21+” санатына ауыстырылған. Бұл санатқа жататын фильмдер кинотеатрларда тек 22:00-ден 06:00-ге дейін көрсетіледі, ал бұл фильмнің табысына әсер ететіні анық.

Фильмді көргендердің пікірі

Фильмнің прокатқа шыққанына бір күн ғана өткеніне қарамастан, туындыды көріп үлгергендер әлеуметтік желіде түрлі пікір қалдырып жатыр.

Бірі фильмнің идеясын ұнатып, онда қоғамдағы мәселе көтерілгенін жазған.

“Бүгін "Ауру" фильміне барып қайттық. Шынымен жаңа деңгей. Фильм қазіргі қоғамдағы аса өзекті тақырыпты қозғайды. Бірақ көп адам айтқандай "психологиялық травма береді" дегендей әсер болмады. Мүмкін мен одан да ауыр, сұмдық фильмдер көріп үйренгендіктен шығар”, “Кеше “Ауру” фильміне бардық. Соңғы жағын көруге жүрегім батпады. Фильмде айтылар ой көп, соның бірі ашкөздік, тойымсыздық. Қателеспейтін, жаңылыспайтын пенде жоқ қой негізі. Соны түсінген сәтте, тоқтатуға, кері қайтуға көп мүмкіндік болып еді. Ақшаның буы өзін-өзі өлтірді”, “Ауру" фильмі. Нағыз шедевр. Актерлық құрам, сюжет бәрі-бәрі ерекше. Басталған сәттен соңғы минутына дейін напряжение. Іш пыстырарлық сәт атымен жоқ. Қарапайым қағаздың, қарыздың адам өмірін қалай өзгертетінін, сол бір ақша қандай иттік істерге, ұятты тірлікке итермелейтінін көрсеткен. Ақшаға құныққан адамның өз отбасы, туыс-досына дейін өлтіретінін бейнелеген. Психикаға өте ауыр. Әйелі мен сәбиін өлтірген кез ең ауыр сцена болды”, – деді ол.

Тредс

Ал кейбір желі қолдануышылары фильм туралы теріс пікір қалдырған.

“Сау адамды ауру қылатын фильм екен. Киноны талдайтындай уақыт жоқ, киносыншы емеспін. Көрермен ретінде айтарым, жүйкеге зиян, прокаттан алып тастаса обалы жоқ. Касса жинаймыз деп, ойына келгенді тықпалай беруге болмайды ғой. Қоюшы режиссер немен ауырады екен? Зорлық, қан, боқтық сөздер өріп жүрген фильмді қалай ғана кинотеатрдан көрсетуге рұқсат еткен? Министрлік араласып, көрсетілімін шектеу керек. Бірақ біздің жоғарыдағылар қолын мезгілінен кеш сермейді ғой. Бойкот”, “Достар, “Ауру” фильмі 21+ болатындай фильм. Ананы анау-мынау адам қарай алмайды, психикаға әсер етуі мүмкін”, “Жүрегіңіз жұмсақ, нәзік болсаңыз көруге кеңес бермеймін. Ізін қалдырады деп ойлаймын. Фильмде отырған сәтте “қашан бітеді” деген сұрақты қоюмен болдым. Соған қарамастан зал соңына дейін отырды. Дәстүр жанында ойнамай қалады. Ужастик, фантастика ұнамаса, бармаңыз”, – деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары