21.11.2025, 04:30

«Балаларыммен жыладым»: Блогер Ырысбала қиналып жүргенін айтты

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Қайырымдылықпен айналысып аты шыққан ол баласының сырқаттанып қалғанын жасырмады. 

Блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі белсенділігін не үшін жоғалтқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайырымдылықпен айналысып аты шыққан ол баласының сырқаттанып қалғанын жасырмады. 

"Үш күн бойы үйден шықпадым. Ештеңеге зауқым соқпай, жылаған баламен қосылып жылап жаттым. Төрт баланың қызуы кезек-кезек көтерілгенде тентек болып қалайын дедік. Үйде кім бар, барлығы түгел күркілдеп жатыр", - деді ол. 

Сонымен қатар ұлының денсаулығына ерекше алаңдап, ішіп жатқан дәрісі кері әсер ете ме деген қорқынышы барын да айта кетті.