25.11.2025, 06:30

«Күзетсіз, понтсыз»: Димашпен ұшақта қатар отырған жалғызбасты әйел алған әсерімен бөлісті

Фото: Threads

Айгүл Темірқұлова есімді жолаушының сөзінше атақты әнші жалғыз жүрген. 

Әнші Димашпен ұшақ салонында қатар отырған әйел ерекше сезімге тап болған. Ол әлемге аты әйгілі әншінің тым қарапайым, әрі күзетсіз жүргеніне таңданды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат агенттігі. 

Айгүл Темірқұлова есімді жолаушының сөзінше атақты әнші жалғыз жүрген. 

«Қандай ерекше сиқырлы ұшу болды десеңізші?! Ұшақта қасымда Димаш Құдайберген отырды. Ол ешқандай күзетсіз, ешқандай ілесіп жүрген адамдарсыз, көзілдірік пен маска киіп, ұшу аяқталған соң жүгіріп кете барды. Аңыз адам, бірақ сондай қарапайым, понтсыз. Онымен қатар отырғанда өзімді бақытты сезіндім, осындай селфи де жасадық. Ғалам, рақмет!»,  — деп жазды балалы әйел. 

Оның бұл жазбасына әлеуметтік желі қолданушылар пікірлрді қарша боратты. Тіптен шетелдік азаматтарда Димашқа деген ыстық ықыластарын тоқтатар емес.