$ 518.66  597.44  6.56

«Орысша тост сияқты»: темекімен бата берген Мейрамбек Беспаев сынға қалды (ФОТО)

Кейбіреулер «Батада екі алақан қосылып, дұрыс ұсталуы керек» екенін ескертіп, бейнежазбадағы сәтті сынның астына алды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде әнші Мейрамбек Беспаевтың жасөспірімге тілек айтып отырған сәті түсірілген бейнежазба кең таралды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода өнер иесі дастархан басында қолын жайып, балаға ақ сөзі мен ізгі ниетін арнап отырғаны көрінеді. Алайда желі қолданушылары бұл әрекетті бірден қызу талқылап, түрлі пікір білдірді.

Көптеген пікір қалдырушылар Мейрамбектің сөзін «нағыз бата емес, кәдімгі тілек қана» деп бағаласа, енді біреулері оның қолын дұрыс қоймағанын атап өтті.

Желі жұртының ерекше назарын аударған нәрсе – үстел үстінде тұрған темекілердің көптігі.

«Батаны балаға айтып отыр ма, әлде темекіге ме?» деп мысқылдаған қолданушылар әншіні сынауға көшті. «Темекінің саны адамнан көп қой, шылымдарға бата берген сияқты»,
«Қасында осынша темекі мен зажигалка тұрғанда батаның әсері қайдан болсын»,
«Бұл бата емес, кәдімгі тост секілді. “Ал, бастайық” деп жіберсе болар еді», — деген сарындағы пікірлер қарша борады.

Кейбіреулер «Батада екі алақан қосылып, дұрыс ұсталуы керек» екенін ескертіп, бейнежазбадағы сәтті сынның астына алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары