26.11.2025, 11:20

«Деңгейінің төмендігі»: Мөлдір Мұқанова өзін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Айта кетейік, әнші Бақыт Тұрман күйеуі Қайрат Әділгерейдің бағы "Әзіл әлемінде" жанбағанын айтқан еді. 

Танымал продюсер, әнші Мөлдір өзінің жаңадан шыққан "Шай в большом городе" фильмін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ол кісілер үйі тұрмақ, шаңырағы тұрмақ, өзбек кафесіне апарып палау бермеген бізге. Мені сыйламай-ақ қойсын. Тұрсынбек Қабатовты сыйлау керек. Себебі Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді. Ол күйеуі сол тапқан табысын үйіне апарды. Ал сол сөйлеп отырған әйел соның нанын жеді. Ол тамағын бала-шағасы жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Арамынан кетті ғой. Қайрат Әділгерейді "Әзіл Әлемі" театры көтерді дегенге 100 пайыз аяқ-қолымды көтеріп тұрып "иә" дей аламын. Жасап отырған опасыздығы - деңгейінің төмендігі. Өзі білсін ары қарай", - деді ол. 

 Айта кетейік, әнші Бақыт Тұрман күйеуі Қайрат Әділгерейдің бағы "Әзіл әлемінде" жанбағанын айтқан еді.