$ 518.4  598.13  6.55

Әнші Мұқасан Шахзадаев ақыры ұсталды

Ғалымжан Сүлейменге ота жасалған, ол қазір аурухана жатыр.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа солисін соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаевтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалымжан Сүлейменге ота жасалған, ол қазір аурухана жатыр.

“Кеше полиция (Мұқасанды - еск.) таппай жатыр деп хабарлап едік. Қазір ұсталды. Жедел тергеу әрекеттері басталды. Оған Ғалымжан мырза екеуміз де қатысуымыз керек, яғни беттестіру деген сияқты іс-шаралар. Бірақ қазір Ғалымжан ауруханада жатқандықтан, бұл әрекеттерге оның жағдайына қарай барамыз. Істің құрамы бойынша 107 баптың 2 бөлігіне келеді, яғни қасақана мотивпен, алдын ала сөз байласу арқылы денсаулыққа зиян келтірілгенін, бірнеше күн бойы оның жауапкершіліктен қашып жүргенін ескерсек, міндетті түрде түрме жазасы болуы керек. Біз соны талап етеміз1, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары