Бір-екі негатив айтқандардың сөзіне еріп жатқандар да бар.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс әйелі, продюсер Мөлдір Мұқан жақында шыққан киносына сын айтқандарға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сөз құдіреті дегенге тағы да таңғалып отырмын. Кімге не тілейсіз және қандай ниетте айтасыз сол өз басыңызға оралады екен. Мына шығарып жатқан киноны ел болып талқылап жатыр. Жақсы айтып жатқандардың саны көп.
Бір-екі негатив айтқандардың сөзіне еріп жатқандар да бар. Тіпті киноны өз көзімен көрмесе де. Сондықтан айтылып жатқан әннің өзі де хит болып жатыр. Ол да тұнып тұрған бақ. Бұл кинода айтылып жатқан әндерім де, жасап жатқан әрекеттерімнің де бақ болып басыма қонуда.
Баққа ешкім таласа алмайды. Ол жоғарыдан келген. Сондықтан сол келген бағымды көре алмай жатқандар ғой сөйлеп жатқандар», - деді ол.