27.11.2025, 06:30

«Оған көзім түсті»: Алтынбек Қоразбаев Мақпалға арнап ән жазғанын жасырмады (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Оған қызықпаған адам кемде-кем".

Танымал омпозитор, әнші Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға деген қарым-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, «Мәңгілік махаббат» әнін ол Мақпал Жүнісоваға арнап жазған.

«Мақпал – халықтың айрықша жақсы көретін әншісі. Оған қызықпаған адам кемде-кем. Мен алғашында оның тұлғасына емес, дауысындағы әуезге, әншілік табиғатына тәнті болдым. Жамбыл облыстық филармониясының директоры болып жүрген кезде «Гүлдер-ай» ансамблімен бірге келгенде көзім түсті. Менің көптеген әнімді Мақпал орындап жүр. Соның ішінде «Сағындым Алматымды», «Сағыныш саздары», «Сары жайлау» бар.

Ал «Мәңгілік махаббатты» шын мәнінде Мақпалға арнап жаздым. Әннің ішінде оның аты аталмағанымен, жүрегімдегі сезім мен шабыттың иесі – Мақпал. Ол бұл әнді жоғары деңгейде алып шықты. Мақпал – біртуар талант. Көп дүние оған жарасады», – деді Алтынбек Қоразбаев КешREC бағдарламасына берген сұхбатында.