27.11.2025, 02:30

Ерке Есмахан мен Raim дүбірлі үлкен той жасамақ

Коллаж: SN.kz

Бұл жаңалықты әнші отбасының жаңа суреттерін жариялағаннан кейін бөлісті.

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында болашақта үлкен той өткізуді жоспарлап жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалықты әнші отбасының жаңа суреттерін жариялағаннан кейін бөлісті.

«Бұл кадрларда Исламның туған күнінен кейінгі үйіміздің жайма-шуақ атмосферасы көрсетілген. Біз отбасы мүшелерімізбен мерекелерді тыныш әрі жылы үй жағдайында атап өткенді жақсы көреміз. Дегенмен, алда үлкен бір той жасауды ойлап жүрміз», – деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары Еркенің отбасы жайлы жазбасына жылы пікірлерін жаудырып, қуанышқа ортақтасты.