28.11.2025, 13:40

«Мүсін – үлкен еңбектің нәтижесі»: 51 жастағы Баян Алагөзова елді таңдандырды (ФОТО)

Фото: @bayanmaxatkyzy

Қазір 51 жастағы жұлдыз Таиландта демалып жүр.

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагузова Instagram парақшасында Пхукет жағалауында түскен жаңа фотосуретін бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір 51 жастағы жұлдыз Таиландта демалып жүр.

Жарияланған суретте Алагузова күн батқан сәтте көк түсті купальникпен фотоға түсіп, жағалаудағы әсем көріністі толықтырып тұр.

«Күн батқанда әрдайым әдемі кадрлар шығады», – деп жазды ол.

Пост желіде үлкен қызу талқы тудырды. Пікір қалдырушылар продюсердің керемет дене бітімін атап өтіп, оның жасы өткен сайын одан әрі сымбаттана түсетінін жазды. Кейбіреулер сынға алды.

«Мұндай мүсін – үлкен еңбектің нәтижесі», «Ғажап сұлулық!», «Керемет!», «Әдему әйел, бірақ купальник үйлесепй тұрған сияқты», «Бәрібір үлкен екені көрініп тұр», «Жалаңаш түсе салу керек еді ғой» — деп жазды көпшілік.