$ 516.86  598.68  6.58

«Шын достық деген осы»: Роза Әлқожа Оразалы мен Ажардың балаларына ерекше құрмет көрсетті

Ұлы әкесінен айнымайды, Алла ұзақ ғұмыр берсін!

Фото:  Kznews.kz
Фото:  Kznews.kz

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Оразалы мен Ажардың балаларын құшақтап, жылы лебізін жеткізген сәттің видеосын бөлісті деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада әншінің балаларға шынайы қамқорлықпен қарап, маңдайынан иіскеп тұрғаны көрінеді.

Желі қолданушылары Розаның бұл әрекетін үлкен адамдық деп бағалап, жүрекжарды пікірлерін қалдырды. Көпшілігі Оразалының ұлы әкесіне ұқсамай қалмауын айтып, әншінің жылдар бойы отбасының балаларына назар аударып, қамқорлық көрсетіп келгеніне алғыс айтты.

Пікірлерде:

“Ұлы әкесінен айнымайды, Алла ұзақ ғұмыр берсін”,“Розаның адалдығы байқалып тұр, шын достық деген осы”,“Балаларының ғұмыры ұзақ болсын”,“Оразалының күлкісі мен жүрісі баласына қалған екен”, – деген жылы сөздер жиі көрінеді.

Роза Әлқожа бұл қимылымен тек әншілік қана емес, шынайы адамдық қасиеттерін де көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары