"Бұл дәстүр солармен бірге аяқталсын".
Қазақстанның танымал жұбы Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың жеке өмірі үнемі ел талқысында жүреді. Бұл жолы көпшіліктің назарын олардың 16 жастағы қызы Алау түсірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жасөспірім Instagram желісінде фотосессиядан түсірілген қысқа видеосын жариялап, жүрекке әсер ететін жазба қалдырған:
«Біздің аналарымыз — өз еркіндігі, бақыты мен өмірін ер адам үшін құрбан еткен соңғы ұрпақ. Бұл дәстүр солармен бірге аяқталсын», — деп жазды Алау.
Оның осы пікірі желі қолданушылары арасында үлкен дау туғызды. Пікір қалдырушылар екіге бөлінді: бір бөлігі Алаудың батыл сөзі мен стилін түсінбеушілікпен қабылдаса, екіншісі оны ойлы әрі саналы қыз деп қолдады.
Желіде қалдырылған пікірлердің бірқатары:
«Анаң 10 жыл декретте отырып, кейін де сондай сымбатты болып шықты», «Келісемін. Жұлдыз қанша сынаса да, тәрбиелі, ақылды балалар өсіріп отыр», «Ұятсыз», «Дұрыс айтады, саналы қыз екен», «Тәрбиесі қайда? Неге денесін көрсетуі керек?», «Бұл — жай қылық. Оқу керек, тұлға болу керек! Қыз балаға лайық ұяңдық қайда?»
Алаудың жазбасы қоғамдағы әйел еркіндігі, тәрбиелік құндылықтар және жас буынның көзқарасы жайлы жаңа пікірталас туғызды.