"Қасынан қалмайды екен".
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман есімді келіншек желідегі парақшасында видео жүктеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Видеода ол Тұрсынбектің гастрольдік сапарларында онымен бірге жүргені белгілі болды.
Тіпті Тұрсынбектің өзін ашық түсіріп, жүктеген. Өздерінің қарым-қатынастарын жасырмағаны халықты дүр сілкіндірді.
"Қасынан қалмайды екен", "Рас па сонда? Пиар деп жүрсек", "Өз жұмысың жоқ па", "Ашықтан ашық көрсетейін деді ме", "Жасырмайтын болыпты ғой", - деп жазды жұрт.
Ал Айманның өзі көпшілікке "Әр нәрседен қашан да мін іздейтін адамдар-ай!" деп жазған.
Сондай-ақ ол Тұрсынбек Қабатовтың інісі Елнұр Наурызбекті "қайын інім" деп атап жүргені белгілі болды.