Сахнаға шығуға талпынбаса да, ән айтып, би билеуді жанымен жақсы көретін ол - әлеуметтік көмек көрсету саласының маманы.
Әнші Ерке Есмаханның егізі табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы қарағандылық Анара Мұрақызы YouTube-тағы «Koremiz_show» бағдарламасында баяндады.
Ерке Есмаханның сыңары атанған қарағандылық Анара Мұрақызы әншіге айтарлықтай ұқсастығының арқасында желіде әп-сәтте танымалдыққа ие болды. Сахнаға шығуға талпынбаса да, ән айтып, би билеуді жанымен жақсы көретін ол - әлеуметтік көмек көрсету саласының маманы.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды.
"Ерке Есмаханның болашақтағы түрі, не прикол ұстап жатсыңдар, ұқсайды ғой расында", "Ерке Есмаханның толып кеткен кезі сияқты", "Мәселе аумағанда емес бір қарағанда ұқсайды, соны ұқсастық дейді, ұқсастық бар екен түрінде", "Ұқсайды екен шынымен", деп жарыса жазды олар.