Сонымен қатар сұрағына жауап бергендерге алғыс айтып, ренжулі еркектердің көп екенін де ашық жазған.
Мөлдір Әуелбекова Threads парақшасында оқырмандарына сұрақ қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші ер адамдар қауымын сынға алған.
"Ерлерге сұрақ: неге, біздің қоғамда көп еркектер әйелімен ажырасқанда, балаларымен қоса ажырасады? Яғни, балаларына келмейді, іздемейді де? Бағуды айтпай-ақ қойдым…", - деп жазды Әуелбекова.
Сонымен қатар сұрағына жауап бергендерге алғыс айтып, ренжулі еркектердің көп екенін де ашық жазған.
"Есеймеген ренжулі ерлер көп екен. Дегенмен, адекватты пікір білдіріп, нақты сұраққа - эмоциясыз нақты жауап беріп отырған ер азаматтар да баршылық екен! Рақмет!", - деді әнші.