$ 503.89  587.54  6.48

«Қан жұтқаныңызды көрдім»: Түрмеге отырып шыққан актер әкесін қуантты (ФОТО)

Ол жазбасында өзі түрмеде отырған кезде әкесінің қатты қиналғанын айтып, сол ауыр кезеңдердің орнын осындай қуанышқа толы сәттермен толықтырғысы келетінін жеткізген.

Фото: Асқар Жұмабеков/Instagram
Фото: Асқар Жұмабеков/Instagram

Мейрамханада жанжал шығарып, темір торда отырып шыққан актер Асқар Жұмабеков әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жағымды жаңалықты өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жазбасында өзі түрмеде отырған кезде әкесінің қатты қиналғанын айтып, сол ауыр кезеңдердің орнын осындай қуанышқа толы сәттермен толықтырғысы келетінін жеткізген.

“Әкешім Асқар тауым – игілігіңізге мініңіз . Сіздерді қуанту біз үшін үлкен бақыт! Кішкентай ғана сыйлық болса да, барлығы сіздердің көңілдеріңіз үшін. Менің көңілім енді кішкене тынышталды. Мен қара қапаста отырғанда, сіз маған кездесуге келген кезіңіз ешқашан көз алдымнан кетпес. Маған қарап жылағыңыз келіп, бірақ жасыңызды көрсетпей, қан жұтып отырғаныңызды өте анық көрген едім. Туған баласын темір тордың ар жағынан көріп, еш әрекет жасай алмай отқан әкенің жағдайы қандай болғанын мен көрдім. Сол жағдайлардың барлығын осындай қуаныштармен толтыруға тырысамын, әкешім!” – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары