"Айгөлек" журналының авторы Мөлдірдің сөзінде өтірік жоқ екенін айтты.
Қарақат Әбілдинаның әпкері Қымбат Әбілдина журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында тағы да Мөлдір Мұқанова туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Айгөлек" журналының авторы Мөлдірдің сөзінде өтірік жоқ екенін айтты.
"Сол Мөлдірім ботадай боздап, шырқырап тұрған кезде... Мен оның(Мөлдірдің) анасының 13 жасында кетіп қалғанын білемін. Оның ешқашан күйеуімен жағаласып мен де жарыққа шығуым керек, сенде бір өнер болса, менің бойымда неше өнерім бар демегенін білемін. Мөлдірдің бойында неше өнері барын мен білемін. Ол барлық жағынан сұмдық қабылетті қыз. "Ерін сыйлаған" етекте отырмайды деген қазақтың керемет ұстанымымен Тұрсынбек, Тұрсынбек деп соны шығарып отырды. Ол ештеңені әдейі істеген жоқ. Өзі ақкөңіл, ақ адал қыз ғой. "Тұрсынбекке ешқашан қоқысты да төктірмейтінмін" деген сөзі рас. Ал енді сондай адамның шырқырап тұрғанына шыдамайды екенсің", - деді ол.