09.12.2025, 06:30

«Еркегін сыйламайды»: Қайраттан бұрын сөз алған Жұлдыз қатаң сынға ұшырады (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Тойда тілек айту барысын Жұлдыз күйеуі Қайраттан бұрын сөйлеген. 

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі үлкен қуанышпен бөлісті, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Туған інісі үйленіп, құсын қолына қондырды. Айтулы тойға Қайрат Нұртас пен әкесі Нұртас Айдарбеков те келген. 

Тойда тілек айту барысын Жұлдыз күйеуі Қайраттан бұрын сөйлеп, жұрттың сынына қалды. Оқырмандар оның бұл әрекетін ер адамды сыйламайды деп бағалады. 

Жарияланған видео астына түрлі пікір білдірді. 

"Бәріміздің ойымыз бір жерден шықты. Қайрат бірінші сөйлеу керек еді", "Бірінші ер адам сөйлейді", "Еркегін сыйламайды", "Қайратты менсінбейді", "Неге еркектің алдын орайсың", "Қайраттың пультін алып алыпты", - деп жазды желі қолданушылары.