09.12.2025, 02:30

«Өзінен үлкен көрінеді»: Әйелін алғаш рет көрсеткен Еркін Нұржанов желіні шулатты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Желі қолданушылары әншінің жарын алғаш рет жақыннан көріп, сан алуан пікір қалдыруда.

Танымал әнші Еркін Нұржанның жұбайымен бірге халық алдына шығуы желі қолданушыларын бірден назар аудартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жеке өмірін жария етуді аса құп көрмейтін өнер иесінің әйелімен түскен фото және видеолары бұрын сирек жарияланатын. Алайда соңғы күндері ол жұбайымен бірге бірнеше бейнематериал бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды.

Желі қолданушылары әншінің жарын алғаш рет жақыннан көріп, сан алуан пікір қалдыруда. Бірі «әйелі өзінен  үлкен көрінеді» деп жазса, енді біреулер «шынымен осы әйелі ме?» деп таңданысын білдірді. Ал көптеген тыңдармандар «Еркін – ең сабырлы, артынан сөз ермейтін әнші, ал әйелі өте сұлу» деп оң бағасын берді.

Осылайша, бұрын көпшілікке беймәлім болған Еркін Нұржанның жары бір сәтте желі назарында қалып, әншінің жеке өмірі қызу талқыға түсті.