$ 514.74  599.36  6.71

«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан»: Танымал блогер анасының ұзату тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)

Бұл көрініс қонақтарды да, желідегі көрермендерді де толқытты.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі блогер Олжасхан анасының ұзату тойын ерекше сән-салтанатпен өткізіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Той кезінде болған бір сәт жұрттың жүрегін елжіретті: анасы көзіне жас алып, «балаларым, шақырсаңдар әрқашан жандарыңнан табыламын» деген ықыласқа толы сөзін айтты. Бұл көрініс қонақтарды да, желідегі көрермендерді де толқытты.

Көпшілік блогердің бұл әрекетін қолдап, тілектерін жаудырды.

«Бақытты болыңыз әлі жас қой.Улдары өз семьясы бар.Жалғыздық тек Құдайға жарасқан.Аллаңын берген бақыт шығар», «Бакыт тилеймин, бакытты болуга лайык, жас кой», «Олжас үлкендігін білдіріп,сабыр сақтап,өзін жақсы ұстап тұр.Бақытты болсын анасы да,балалары да.Үлгі көрсетіп,мамаларын ұзатып тұрған ақылды балапандар», деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары