09.12.2025, 18:40

«Күйеуі суық қарайды»: Кәмшат Жолдыбаеваның жолдасымен түскен суреті қызу талқыға түсті

Коллаж: Sn.kz

"Кәмшат бұрынғыдай жарқырап жүретін кезі жақсы еді".

Танымал әнші Камшат Жолдыбаева мен оның жұбайының бірге серуендеп жүрген сәтінен жарияланған фото-видео әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары кадрлардан Камшаттың күйеуі оған сәл салқындау қарайтын секілді көрінгенін атап өткен.

Пікір білдірушілер екіге бөлінді. Бір топ:

"Неге сонша салқын қарап тұр?", "Кәмшат бұрынғыдай жарқырап жүретін кезі жақсы еді", "Күйеуі салқын қарайтыны көрініп тұр",-деп жазса,

екінші тарап керісінше әнші мен оның жарын қорғап:

"Қызықсыңдар, күлсе – күлкісі ұнамайды, салқын тұрса – тағы сын. Ең бастысы, екеуі бақытты болса болды", - деп жұртқа ескерту жасаған.