Желіде пікір қалдырғандар мұндай әрекетті артық шығын деп бағалап, блогерлердің табыс көздерін тексеру қажет екенін жазды.
Блогер Ақбота Нұрахын туған күнін ерекше атап өтіп, кешке келген қонақтарға гауһар тасы бар жүзіктер сыйға тартты. Алайда бұл қадамы желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мерекелік кешке танымал блогерлер жиналып, Ақбота туған күнін сән-салтанатымен өткізген. Ол шараға қатысқан барлық қыз-келіншекке гауһармен көмкерілген жүзік үлестірген.
Желіде пікір қалдырғандар мұндай әрекетті артық шығын деп бағалап, блогерлердің табыс көздерін тексеру қажет екенін жазды.
«Осынша адамға гауһар беру үшін қанша ақша керек? Қарапайым бизнесті тексергенше, осыларды неге тексермейді? Не деген батпан құйрық?», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.