22.12.2025, 04:30

«Қызымдай көрмеймін»: Айгүл Иманбаева келіні туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Айгүл Иманбаева келініне тек бір ғана өтініші бар екенін жеткізді.

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева келінімен қарым-қатынасы жайлы ашық айтып, отбасындағы ұстанымын бөлісті деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, келініне «дана, ғұлама» болып ақыл айтуға немесе жеке өміріне араласуға тырыспайды.⠀

«Келінім есейген, өз көзқарасы қалыптасқан адам. Ол осы жасына дейін өз тәрбиесін, білімін, өмірлік ұстанымын алып келді. Мен айтсам да, айтпасам да оны өзгерте алмаймын», – деді өнер иесі.

Айгүл Иманбаева келініне тек бір ғана өтініші бар екенін жеткізді. Ол дамуды тоқтатпау.

«Білім ал, өзіңді дамыт, алға ұмтыла бер. Себебі мен баламның қандай екенін жақсы білемін, ол да шетелде білім алған. Екеуі бірдей дамып, бір деңгейде, бір толқында болса деймін», – деді ол.

⠀Сондай-ақ әнші келініне басқа ешқандай талап қоймайтынын, тек жастардың өзара түсіністікпен, қатар өсіп-өркендегенін қалайтынын атап өтті.