$ 510.18  601.91  6.51

«Азаматым-ау... Асқар тауым құлады»: Асанәлі Әшімовтің жарының еңіреп жоқтау айтқан видеосы тарады

Видеодан актердің әйелінің дауыс шығарып жылап тұрғанын байқауға болады. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Желіде марқұм Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімованың жоқтау айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодан актердің әйелінің дауыс шығарып жылап тұрғанын байқауға болады. 

"Азаматым-ау... Асқар тауым құлады. Жатқан жерің жайлы болсын. Енді мұңымды кімге барып айтамын", - деген дауысты анық естуге болады. 

Желі қолданушылары осы тұста пікірлерін қарша боратты. 

"Бағдат әпкені қатты аяймын. Бар өмірін сол кісіге арнаған дана әйел", "Әртіс болған соң солай айтып тұрған болар бүкіл халыққа көрініп", "Жоқтау айтуды ұмытып барамыз. Бұл қазақ халқының салт-дәстүрі", "Бағдатқа сабыр берсін", "Жоқтауды жас өлікке айтады емес пе", деді пікір қалдырушылар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары