$ 504.6  594.27  6.48

«Бақытты сезіндім»: Динара Қырықбаева 15 жыл күткен қуанышымен бөлісті (ВИДЕО)

Өнер иесі көпшілік алдына қайта оралған сәтін ерекше толқыныспен қабылдағанын айтты.

Фото: instagram.com/kyrykbayeva
Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Танымал әнші Динара Қырықбаева 15 жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі көпшілік алдына қайта оралған сәтін ерекше толқыныспен қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, соңғы рет сахнаға шыққанына 15 жыл өткен.

«Шынымды айтсам, сахнаға шықпағалы 15 жыл болды. Бүгін жұлдыз болып тұрмын», – деді әнші.

Сондай-ақ Динара Қырықбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына әсерлі жазба арнады. Ол тойда ән айтып, ерекше қуанышқа бөленгенін жеткізді.

«Тойда ән айтып, жүрегім қуанышқа толды. Ұмытпай шақырғандарыңызға көп рақмет. Сахнаға шыққанымда өзімді шын мәнінде бақытты сезіндім. Әнмен, қуанышпен есте қалатын керемет сәт болды», – деп жазды ол.

Әншінің сахнаға қайта оралуы желі қолданушылары арасында жылы пікірге ие болып, көпшілігі өнер иесіне сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары