28.12.2025, 04:30

«Сахнада жас көрінуім керек»: Әлішер Кәрімов пластикалық ота жасағанын мойындады (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Тіпті косметологқа барып, бетіне екпе салатынын да жасырмады.

Танымал әнші Әлішер Кәрімов Youtube арнасындағы "Кezdesu" бағдарламасына берген сұхбатында пластикалық отаға жүгінгенін ашық түрде мойындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тіпті косметологқа барып, бетіне екпе салатынын да жасырмады.

"Көзіме жасадым. Кейде екпе салғызамын, косметологқа барамын. Ол қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Себебі сахнаның адамымын. Сахнаға шыққанда көкрермен сені қанша жыл өтсе де жас өалпыңда көргісі келеді", - деп жауап берді әнші.