28.12.2025, 06:30

«Бұрын мұндай болған емес»: Баян Алагөзова Алматының жаңа әкімін мақтады (ВИДЕО)

Фото: bayanmaxatkyzy/instagram

"Қаланың келбеті мүлде өзгеріп, мерекелік көңіл күй сыйлап тұр".

Биыл қала тұрғындарының көпшілігі шаһардың ерекше әрі талғаммен безендірілгенін атап өтуде. Әсіресе кешкі уақытта көз тартатын әсем жарықтандыру тұрғындардың көңілінен шыққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Солардың бірі қала тұрғыны Баян Мақсатқызы. Оның айтуынша, мұндай ауқымды әрі сәнді жарықтандыру қалада алғаш рет жүзеге асырылған.

«Қаланың келбеті мүлде өзгеріп, мерекелік көңіл күй сыйлап тұр. Бұрын-соңды мұндай безендіруді көрмеген едік. Қандай керемет», — дейді ол.

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы қаланы абаттандыру жұмыстарына оң баға беріп, шаһардың көркін арттырғаны үшін қала әкімінің еңбегін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, соңғы уақытта қала айтарлықтай жаңарып, тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды бола түскен.