Продюсердің отбасылық фотосы желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп, қысқа уақыт ішінде мыңдаған лайк пен пікір жинады.
Продюсер Баян Мақсатқызы Жаңа жыл қарсаңында отбасы мүшелерімен түскен әсерлі фотосын жариялады. Суретте ол жолдасы және егіз қыздарымен бірге мерекелік шыршаның жанында бейнеленген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жазба астында барша оқырманын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
«Жаңа жыл құтты болсын! Ол баршаңыз үшін бақытты болсын. Өтіп бара жатқан жылға алғысым шексіз», – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Продюсердің отбасылық фотосы желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп, қысқа уақыт ішінде мыңдаған лайк пен пікір жинады. Оқырмандар Баян Мақсатқызына бақыт, отбасы амандығы мен жаңа жетістіктер тілеп, кішкентай қыздарының әкесіне ұқсайтынын жарыса жазған.