$ 504.6  594.27  6.48

«Орындаушы деп санаймын»: Ұлықпан Жолдасов өзін Димашпен салыстырды (ВИДЕО)

Оның айтуынша, әлемдік деңгейде танылған Димаш Құдайберген секілді өнерпаздарды ғана нағыз әнші деуге болады.

Фото: kyn.kz
Фото: kyn.kz

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасына қонақ болып, өнер жолындағы ұстанымы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында ол өзін толыққанды әнші санамайтынын айтып, бұл атаққа тек ерекше диапазоны мен кәсіби деңгейі жоғары вокалистер ғана лайық екенін жеткізді. Оның айтуынша, әлемдік деңгейде танылған Димаш Құдайберген секілді өнерпаздарды ғана нағыз әнші деуге болады.

«Мен өзімді әнші емес, орындаушы деп санаймын. Даусым – қарапайым, қоңыр үн. Басқа адамдардан айырмашылығым – әнді дұрыс таңдай аламын. Гитараның сүйемелдеуімен орындаған әндерім халыққа жақын болды. Бірақ шетелге таныстыратындай, әлемдік сахнаға шығатындай мықты әнші емеспін», – деді Ұлықпан Жолдасов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 123
Ұнамайды 1
Күлкілі 5
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары