Фэшн-блогер кәсіпкердің брендтік заттарын жеке-жеке есептеп, олардың құнын айтты.
Танымал сәнгер Жансая Әміршәріпқызы Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзовтіңбір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Блогердің айтуынша, Тұрсын Алагөзовтің бір образының жалпы бағасы 131 млн теңгеге жетеді.
Фэшн-блогер кәсіпкердің брендтік заттарын жеке-жеке есептеп, олардың құнын айтты. Оның есебінше:
Аяқ киім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге;
Сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге;
Алқа (Prada) – 461 мың теңге;
Көзілдірік – 514 мың теңге;
Қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге;
Футболка (Cristian Dior)- 473 мың теңге;
Күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге.
Желі қолданушылары кәсіпкердің образына таңғалып жатса, енді бірі сынға алды.
"Іш киімі бір времянка тұрады дейсің ғой", "Сүрген соң өмірді осылай сүру керек", Әр қазаққа осылай киініп жүру бұйырсын", "Бір футболкасының бағасына 4мезгіл киініп аласың ғой", "Тұрсынғали мырза жап-жас, сәнді ер азамат", "Ақша бар, талғам жоқ", "5 үй саласың ғой мына ақшаға", - деп жазды оқырмандар.