$ 504.76  593.8  6.5

«Ауылдан шыққан ба»: Баян Мақсатқызының келінінің жалаңаштанған образы жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Күйеуі рұқсат етті ме екен?

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Баян Мақсатқызының інісі Айдар Асқарбектің әйелі Жарқынай Ханайымның образы жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, соңғы уақытта актриса Жарқынай Ханайым көпшілік көзіне жиі түсе бастады. Актрисалығынан бөлек, ән салып та вокалдық шеберлігін танытып жүр. Дегенмен оның соңғы жариялаған бейнежазбасы қызу талқыға түсті.

Кейбір әлеуметтік желі оқырмандары Жарқынайдың кеудесі ашық киімін сынады. Пікірлерде «не киіп алған, қайын жұрт деген бар ма?» деген сынды жазбалар да кездесіп отыр.

«Қуды ғой апым», «Күйеуі рұқсат етті ме екен?», Соңғы кезде біртүрлі болып кеткен, бұрын жақсы көруші едім», «Жаным-ау, не жазатынымды білмеймін. Ақылды, салмақты едің», «Ажырасып кеткен-ау шамасы, әйтпесе ұят қой», «Ақылынан адасайын деген бе? Әжептәуір-ақ еді. Жараспайды» – дейді актрисаның әрекетін жақтыра қоймаған жұрт.

Әнші бұл сындарға әзірге ресми жауап берген жоқ.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары