Әншінің өзі әлі пікір білдірген жоқ.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан желіде белгісіз ер адаммен бірге көзге түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олардың бірге түскен фотолары әлеуметтік желіде жарияланған. Мөлдірден мұндай әрекет күтпеген жұрт таңданыстарын жасырмады.
"Тұрсынбек басқаға үйленгенде, Мөлдір қарап тұра ма?", "Алтынай да, Айгүл де бай тапты ғой", "Бақытты болсын", "Бай тапқан ба? Құтты болсын!", "Бақытты болуға лайықты", "Қадіріңді білетін жігіт тапсаң, тұрмысқа шығып кет", "Еркекке болады, әйелге болмайды екен", "Тұрсынбек өзінен көрсін", - деп жазды оқырмандар.
Ал Мөлдір Мұқанның жанындағы бейтаныс ер адамның кім екені әзірге белгісіз. Әншінің өзі әлі пікір білдірген жоқ.