Ал әнші бұл сый-сыяпатқа риза екенін жеткізді.
Танымал әнші Бүркітке қызылордалық тұрғын ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншіге кәдімгі жұмыс күйде баптаулы "қобыз" музыкалық аспабы сыйланған.
"Қобыз біз үшін Қызылорданың символы іспеттес. Мен бұл аспапта ойнай алмаймын, бірақ бұл кәдімгі жұмыс істеп тұрған қобыз. Бұны іске асыратын адам табылатына мен сенімдімін. Өнер адамысыз сіздерге артық етпейді", - дейді қызылордалық Азамат.
Сонымен қатар, қонақтардың бірі әнші Бүркітке "Енді ән шығару керек болды" деп әзілдеп айтқаны да бар.
"Қызыл-Ордалық бауырларымның қонақжайлылығы керемет қой! Әр қазағымның үйінде береке болсын. Әр отбасына тілейтініміз бақыт пен шаттық!", - деді Айбек Сейітов.